Лагерьге жолдама алды

Там 6, 2026

Май ауданында жазғы демалыс балалар үшін ерекше қуанышқа толы кезеңге айналды. Биыл ауданның 24 оқушысы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалуға мүмкіндік алды.

Жомарт жандардың қамқорлығының арқасында Ақшиман негізгі мектебінің 2 оқушысы Көкшетаудағы «Чайка» лагеріне жол тартса, Малайсары орта мектебінің 10 оқушысы Бурабайдағы «IQanat» лагерінде демалуда. Ал ата-аналардың қолдауымен тағы 12 оқушы Баянауылдағы «Жасдәурен» сауықтыру лагерінде жазғы демалыстарын мазмұнды өткізді.

Табиғат аясындағы демалыс, қызықты экскурсиялар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары мен жаңа достық – мұның бәрі балалардың ұмытылмас жазғы естеліктеріне айналды.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

Май ауданы