Қазақстан маңызды саяси оқиғаның қарсаңында тұр

Там 10, 2026

23 тамызда ел тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
Алда өтетін Құрылтай сайлауының басты ерекшелігі – Қазақстанның заң шығару жүйесінің түбегейлі жаңаруы. Бұл сайлау соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалардың маңызды кезеңіне айналмақ. Қазақстанда тіркелген жеті саяси партия Құрылтай депутаттарының сайлауына түседі.
Конституциялық реформа Қазақстанның саяси жүйесінің барлық құрылымын өзгертті. Алда біз жаңа жоғары өкілді орган – Құрылтай депутаттарын алғаш рет сайлаймыз. Оның құрамына 145 депутат енеді.
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы қарсаңында әрбір азамат өзіне тиесілі сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын алдын ала біле алады. Ол үшін gov.kz порталындағы онлайн қызметті, eGov Mobile қосымшасын немесе QR-кодты пайдалануға болады. Тұратын өңіріңізді таңдап, ЖСН-ді енгізсеңіз, сайлау учаскеңіз туралы барлық қажетті ақпарат қолжетімді болады.