1. Еркін әрі ашық сайлау арқылы билік пен мемлекетті басқарудың демократиялық қағидаттары жүзеге асырылады.
2. Азаматтардың сайлауға қатысуына елдің одан әрі дамуы мен болашағы байланысты.
3. Сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымды білдірудің нақты көрінісі.
4. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі – сайлаудың әділ өтуінің кепілі.
5. Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізіліп жатыр. Құрылтай сайлауы – осы реформаларды жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі.
Күшті мемлекет азаматтарының жауапкершілігінсіз қалыптаспайды. Сондықтан Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс беру – Конституциямен берілген құқық қана емес, әр азаматтың Қазақстанның болашағына өз үлесін қосып, елдің дамуына ықпал ету мүмкіндігі.
Құрылтайдың жаңа құрамын қалыптастыру – жаңарған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру және оны одан әрі дамыту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі.
Сайлау арқылы әрбір қазақстандық өз ұстанымын білдіріп, елдің алдағы даму бағытын айқындау үдерісіне қатыса алады.
