Ақтоғай ауданында ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселе қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланды.
Кеңес барысында аудандық бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуіне ерекше назар аударылды. Осы жылдың
1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша
бюджеттің орындалу көрсеткіштері сараланып, жыл қорытындысына дейінгі межелер талқыланды. Жауапты басшыларға қаражаттың толық әрі уақытылы игеру, жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Жиын соңында ауданның алдағы жұмыстарының басым бағыттары айқындалып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берілді.
А.БОРАНБАЕВА.
Ақтоғай ауданы
