Ауылдық елді мекенде жастар өмірін қызықты ету өте маңызды. Осы орайда жауапты мамандар жастарды спорт пен білімге тарту үшін түрлі шаралар ұйымдастырады. Мазмұнды кештің бірі Тереңкөл ауданына қарасты Аққайың ауылында өтті.
Аққайың ауылдық клубының әдіскер-лері халықаралық жастар күніне орай ауыл жастары арасында «Quiz Battle» интеллектуалды командалық ойынын ұйымдастырды. Екі топқа бөлініп, ауыл жастары біліммен бәсекеге түсті. Клуб әдіскері Аманжол Әбіштің айтуынша, жастарға логикалық және ғылым тақырыптарында сұрақтар қойылған. Қызықты да тартысты ойын ауыл жастарының ойын бір сергітіп, жаңа ақпарат, білім алуына жетеледі.
Жалпы, аталмыш ауылда бұған дейін веложарыс, «Аққайың аруы», киберспорт және тағы басқа да спорттық, мәдени-ойын-сауық шаралары жиі ұйымдасты-рылып келген.
Г.МАҒЖАН.
Тереңкөл ауданы
