Оқушыларға қолдау көрсетілуде

Там 27, 2026

Май ауданының білім беру ұйымдарында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушылар анықталып, оларға атаулы көмек көрсету шаралары ұйымдастырылуда.

Акцияны ұйымдастыру барысында Май ауданының білім беру ұйымдарында әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушылардың санаттары нақтыланып, атаулы тізімдері жасақталды. Жаппай оқыту қорынан 373 балаға қаржылай көмек алды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар 56 балаға қаржылық және материалдық көмек беріп, оқушыларға кеңсе тауарларын, мектеп формасын, спорттық киім-кешектер алуға қолдау білдірді. Акцияға аудан көлеміндегі кәсіпкерлерді, меценаттарды, ата-аналарды, жеке тұлғаларды және басқа да қайырымдылық жасаушыларды тарту жұмыстары жалғастырылуда.

Тамыздың 12-14 күндері аралығында ауданның барлық елді мекенінде акция аясында жылжымалы мектеп жәрмеңкелері өтті. Жәрмеңкеде кенсе тауарлары, мектеп формасы төмендетілген бағамен ұсынылды. Жәрмеңке 12 елді мекенде 500-ге жуық ата-анаға қызмет көрсетті.

А.БОРАНБАЕВА.

Май ауданы