Қолдаудың игілігі

Қыр 3, 2026

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Кәсіпкерлерді қолдау және отандық өндірісті дамыту мақсатында  ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыру бойынша өзінің жеңілдетілген бағдарламаларын сәтті іске асырып келе жатыр. Оған дәлел, биыл Павлодар облысында аталған бағдарлама бойынша жалпы кәсіпкерлерді  қаржыландыру көлемі 31 млрд теңгеге жеткен.

Өңірлік кәсіпкерлерге бөлінген қаржы көлемі мен техника саны жайлы  «ҚазАгроҚаржы» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Байсал Алпысбаев айтып берді.

– Биыл Павлодар облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру көлемі артуда. 28 тамыз-дағы жағдай бойынша кәсіпкерлерге шамамен 31 млрд теңге қаржы бөлініп,
800 техника қаржыландырылды. Оның ішінде 272 тракторға 11 млрд теңге, 254 ком-
байнға 7 млрд теңге жұмсалды. Отандық техника 5 пайыздық мөлшерлемемен, ал импорттық техника 12 және 6 пайыздық мөлшерлемемен қаржыландырылады. Сонымен қатар, отандық техниканың құнының 30 пайызы субсидияланады. Қазірдің өзінде Павлодар облысы – техниканы сатып алуды  қаржыландыру көлемі бойынша республикадағы алғашқы төрт өңірдің қатарында, — деді ол.

Оның сөзінше, қаржылық лизингтің танымалдығы да жыл сайын артуда. Мұндағы басты артықшылықтарының бірі – қосымша кепіл талап етілмейді. Лизингке алынған техниканың өзі кепіл ретінде қарастырылады. Кепілзат қажет етілмейтін бағдарламалардың бірі — «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы. Мұнда техниканы субсидиялау мүмкіндігі бар. Импорттық техника бойынша да 12 және
6 пайыздық қаржыландыру қарасты-
рылған. Мамандардың сөзінше, қаржылан-дырылған техниканың шамаамен 80 пайызы отандық өндіріс болып табылады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан қолдау алып, кәсібін ілгерілетіп келе жатқандардың бірі, Павлодар ауданының Сычевка ауылындағы «Агро Союз» шаруа қожалығы.  Сергей Тилинин 2014 жылдан бері картоп өсірумен айналысады. Бүгінде оның егістігінде азық-түлік өнімімен бірге суперэлиталық картоп өнім беруде. Шаруашылық картоп өндірісін заманауи техникамен қамтамасыз етіп, тұқым шаруашылығы бағытында да жұмыс істеп келеді.

Шаруашылық басшысы Сергей Тилининнің айтуынша, ағымдағы жылы картоп алқабының көлемі 600 гектарға жеткен. Оның шамамен 100 гектары қытырлақ картоп өндіруге арналған арнайы сорттарға бөлінген.

– Қазір чипсы өндірісіне арналған картопты жинап жатырмыз. Сонымен қатар суперэлита санатындағы тұқымдық өнім егілді. Нәтижесінде элиталық тұқым алып, оны облыстағы шаруа қожалықтарына таратамыз. Бүгінде тұқым шаруашылығы бойынша қалыпты дамып келеміз. Демек, атқаратын жұмыс та анағұрлым ауырлады. Себебі, чипстік картопты өсіру мен сақтау технологиясы өзгеше. Қарапайым картоп шамамен 4 градус температурада сақталса, чипстік картопты 8 градустан жоғары температурада ұстау керек. Бұл картоп құрамындағы қант мөлшерінің артып кетуіне жол бермейді, – дейді ол.

Шаруашылық биыл чипсы өндірісіне арналған шамамен 3,5 мың тонна картоп өсіруді жоспарлаған. Оның 1 мың тоннаға жуығы тұқымдық картоп болады.

Шаруашылықтың өндірістік қуаты тек егіс көлемімен шектелмейді. Бүгінде оның техника базасы толық қалыптасқан. Картоп жинайтын комбайндар, картоп отырғызу техникасы, тракторлар, суару машиналары және жүк көліктері бар. Ауыл шаруашылығы техникасының бір бөлігі «Қаз-
АгроҚаржы» арқылы лизингке алынған.

Қожалықтың «ҚазАгроҚаржы» алдындағы лизингтік міндеттемесі бүгінде шамамен
800 млн теңгені құрайды. Биыл шаруашылық тағы 400 млн теңгеге техника алған. Оның ішінде картоп жинайтын комбайндар мен отырғызу машиналары бар. Қазір мұндағы өнім Қазақстан мен Өзбекстан нарығына сатылады. Ал тұқымдық картоп облыс аумағындағы шаруашылықтарға белгіленген тәртіппен таратылады. Фермерлердің ендігі мақсаты – чипсы өндірісіне арналған картоп көлемін арттыру.

Түйнекті дақылдардан бөлек, өңірі-мізде майлы дақылдардың өнімі де жыл сайын еселеніп келеді. «Нұрлан К» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Айтқожинов шаруашылықтың 2004 жылы құрылғанын айтады. Қожалық негізінен майлы дақылдар, соның ішінде күнбағыс өсірумен айналысады.

– Бүгінде шамамен 6 мың гектарға күнбағыс ектік. Оның ішінде тағы 4 мың гек-
тарға жуық алқапты  келесі жылға дайындап қойдық. Мемлекеттік қолдау-
дың арқасында, атап айт-
қанда, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламалары мен жеңілдетілген қаржылан-дырудың көмегімен шаруа-шылығымыздағы техниканы жаңартып жатырмыз. Бұл ретте отандық өндірушілерді қолдауға тырысамыз. Биыл аталған бағдарлама арқылы 5 пайыздық мөлшерле-мемен шамамен 600-650 миллион теңге көлемінде қаржыландырылдық. Осы қаражатқа үш «Бюлер» тракторын, үш «Лаво» комбайнын, сондай-ақ тір-
кемелі құрал-жабдықтар, тырмалар, бүріккіш және басқа да қажетті техникалар сатып алдық, – дейді шаруа.

Фермер биыл орта есеппен гектарынан 10 центер шамасында өнім алуды жоспарлап отыр. Егін жинау науқанын қыркүйектің соңына қарай бастау көзделген. Жиналған өнім негізінен Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтіледі. Шаруашылық Өскемен, Семей қалаларындағы және Павлодардағы май өңдеу кәсіпорындарымен жұмыс істейді.

Қазір қожалықта астық кептіргіш «Алтай-27» салынуда. Бұған дейін шаруалар жниналған өнімді элеваторлар арқылы кептіріп, артық ақы төлеуге мәжбүр болған. Бұдан былай астық шаруашылықтың өзінде өңделетін болады. Жаңа техниканың орнаты-луының нәтижесінде  шаруашылықтағы жұмыс уақытын қысқартып, егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде жүргізуге мүмкіндік алған. Яғни, техника көбейген сайын көбірек жерге егін егіп, шаруашылықты әрі қарай дамытуға мүмкіндік бар.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ымен бірнеше жыл тығыз байланыс орнатып келе жатқан кәсіпкерлер алдағы уақытта да шаруашылық көлемінің ұлғаюына сәйкес қаржылық мәселелерді бірге шешуге үмітті. Өңіріміз азық-түлік өнімдерін өндіруде жыл сайын жақсы нәтиже көрсететіндіктен, мұндай бағдарламалардың қолжетімді әрі тиімді болуы түптеп келгенде ел игілігіне атқарылған жұмыс деуге болады.

Сара ӘБДОЛ.