Ақтоғай ауданы Ақжол ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысы бақылауда. Нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы пайдалануға беру үшін мердігер ұйымға нақты тапсырмалар берілді.
Жуырда аудан әкімі Ернұр Әйткенов Ақжол ауылына жұмыс сапары барысында аталмыш кешеннің құрылыс барысын кезекті рет тексерді.
— Нысанның құрылыс барысы апта сайын тұрақты бақылауда. Алайда мердігер ұйым бұған дейін алған міндеттемелерін түрлі себеппен белгіленген мерзімде толық орындамай, құрылыс жұмыстарының бекітілген жоспардан артта қалуына жол беріп отыр. Осыған байланысты мердігер ұйыммен нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру үшін нақты жұмыс кестесі бекітіліп, әр кезең бойынша орындалуы тиіс жұмыстар мен мерзімдер айқындалды. Мердігерге құрылыс қарқынын жеделдетіп, өзіне алған міндеттемелерін уақытылы әрі сапалы орындау тапсырылды, — деді аудан басшысы.
А.БОРАНБАЕВА.
Ақтоғай ауданы
