Желілер жаңартылуда

Қыр 10, 2026

Баянауыл ауданында электр желілерін құру және жаңартуға бағытталған екі ірі жоба іске асуда. Атап айтқанда, Ақсаң ауылдық округі мен Баянауыл ауылында жалпы ұзындығы 55 шақырым электр желісі толығымен ауыстырылады деп жоспарлануда.   

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша аудан тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге баса мән берілуде, дейді әкімдік өкілдері. Осы мақсатта тиісті жұмыстар қолға алынуда.

– Бұған дейін Ақсаң ауылдық округінде жеке қосалқы станция болмағандық-
тан, электр энергиясы Баянауылдан
52 шақырымдық желі арқылы жеткізіліп келді. Соның салдарынан желілердің тозығы жетіп, халық жылдар бойы кернеудің төмендігі мен жарықтың жиі өшуінен зардап шегіп келгені жасырын емес. Бұл түйткілді мәселе осы жылы түбегейлі шешімін табады, –
деп атап өтті аудан әкімі Ардақ Кісентаев.

Оның айтуынша, аталған жоба аясында Қаражар ауылында – 5, Ақсанда – 5, Жалғызқайыңда – 3, Маяжон фермасында –
1 кешенді трансформаторлық қосалқы станция (КТП) салынбақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда. 

Н.ШОДЫР.

Баянауыл ауданы