Май ауданы Малайсары ауылына қарасты Жаңасарай елді мекенінің кіреберіс автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанның жай-күйімен танысқан жауапты тұлғалар құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, жолдың сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуінің маңыздылығына назар аударды.
Жол жөндеу жобасының жалпы құны 197,39 млн теңгені құрайды. Ал 2026 жылға құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға 195,8 млн теңге қарастырылған.
Жөндеу жұмыстары биылғы маусым айында басталған. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Нысандағы жұмыстарды мердігер «Павлодаржолдары» ЖШС жүргізуде.
Жол сапасы мен құрылыс жұмыста-рының белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы тұрақты бақылауда болады. Өйткені, ауылға кіреберіс жолдың жағдайы тұрғындардың күнделікті қатынауына, қауіпсіздігіне және елді мекеннің көлік қолжетімділігіне тікелей әсер етеді.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
Май ауданы
