Түнгі тыныштық бұзылса…

Қаз 18, 2026

Түнгі уақыт – адамның тынығып, ертеңгі күнге күшжинайтын кезі. Көпшілік бұл сәтте жылдам ұйқыға кетіп, күндізгі қарбаластан демалуға асығады. Әрине, жекеүйлерде тұратын тұрғындарды көршісі мазасын алып, ешбір кедергі келтірмес. Ал көпқабатты үйлерде мұндайжайттар орын алатыны рас. Әсіресе, албырт жастардыңтүнде екінші тынысы ашылып, ұзақ уақыт әуенді бар шегіне қойып тыңдауға әуес келеді. Музыканың үні оларғажағымды болғанымен, басы жастыққа тиген көршілергетүрпідей тиіп, мазасын алуы әбден мүмкін. Бұдан өзге де әрекеттер арқылы көптің тыныштығын бұзу деректері де жоқ емес.

Қатты әуен –
өзгеге әуре

 

Осындай жайттар ескеріліп, заң жүзінде тыныштық уақыты да белгіленгеліқашан. Яғни, заң бойынша жұмыс күндері түнгі  сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейінгі аралық тыныштық мерзімі саналады. Ал демалыс күндері түнгі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін біреудің тыныштығын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.

Облыстық полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығыорынбасарының міндетін атқарушы Арман Қаптаевтың мәлімдеуінше, биылжыл басынан бері аймақта тыныштықты бұзу фактілері бойынша 5226 адамәкімшілік жауапқа тартылған.

– Тұрғындардың тыныштығы мен жайлылығын қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Түнгі уақытта тыныштықты бұзуфактілері бойынша полицияға азаматтардан тұрақты түрде шақыртулар мен шағымдар түседі. Заңға сәйкес жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықтыбұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпенбайланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу тыныштықты бұзу болыпсаналады. Сонымен қатар, тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысыаумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы – заңға қайшы әрекет, – дейді А.Қаптаев.

Осы ретте, құзырлы орган профилактикалық сипатта жұмыстар жүргізеді. Азаматтарға түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты сақтаудың талаптарынтүсіндіреді. Дегенмен, түнгі шуға қатысты түрлі сипаттағы шақыртулар түсіптұрады.

– Шағымдардың басым бөлігі түнгі уақытта музыканы қатты қоюға, дауыстап сөйлесуге, жанжалдарға, айқай-шу мен ойын-сауық шараларынабайланысты болады. Сондай-ақ, теледидарды қатты дыбыспен көруге қатыстыда шағымдар бар. Көпқабатты тұрғын үйлерде көршілер арасындағытұрмыстық сипаттағы жанжалдар, балалардың қатты шулауы, жөндеужұмыстарын жүргізу және басқа да тұрғындардың тыныштығына кедергікелтіретін жағдайлар бойынша хабарламалар түседі, – дейді департамент өкілі.

Алайда, мамандар әр жағдайды жіті тексерген соң шара қолданады. Әрқайсысы жеке қаралады. Яғни, кез келген дыбыс автоматты түрде әкімшілікқұқықбұзушылық болып саналмайды.

– Мәселен, баланың жылауы немесе басқа да табиғи тұрмыстық дыбыстарүшін ата-ананы жауапкершілікке тарту туралы сөз болмауы тиіс. Ал түнгіуақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрылыс құралдарын пайдалану, музыканы қатты қою немесе өзге де әрекеттер көршілердің тыныштығынбұзатын болса, полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап, заң талаптарынасәйкес шара қолданады. Полиция қызметкерлері шақырту орнына барған кездеқұқықбұзушылықтың болған-болмағанын анықтайды, тараптардан түсініктемеалады және қажет болған жағдайда әкімшілік материал жинақтайды, –  дейді Арман Қаптаев.

Ал факт дәлелденсе, заңнамада нақты жауапкершілік қарастырылған. Нақтысы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексінде тыныштықты бұзғаны үшін 437-бабы бойынша әкімшілікжауапкершілік көзделген.  Заңнама талаптарына сәйкес белгіленген уақыттажеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шу шығаруға жол берілмейді. Биыл 5226 азаматқа әкімшілік хаттама толтырып, жауапкершілікке тартылған. Мамандар нақты құқықтық баға әрбір істің мән-жайына қарай берілетінін айтады. Тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершіліккетартылған азамат құқық бұзушылықты қайталаған жағдайда заңнамадакөзделген неғұрлым қатаң жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін. Сондықтан, полиция қызметкерлері түнгі уақытта тыныштықты сақтау – тек көршілер алдындағы әдептілік емес, заң талабы екенін ескертеді. Сәйкесінше, бұзушылықты жүйелі түрде қайталау әкімшілік жауапкершіліктің күшеюінеәкелуі мүмкін.

Төменгі қабатында ойын-сауық орындары бар көпқабатты үйлердіңтұрғындарынан да шағым аз емес көрінеді. Бұл жерде де қатты шыққанмузыкадан ұйқысы бұзылған азаматтар құзырлы органға арыз түсіреді. Полиция мұндай әрбір хабарламаны тіркеп, оқиға орнына барып, құқықбұзушылықтың бар-жоғын анықтайды. Егер заң талаптарының бұзылғаныанықталса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар мұндай нысандардың иелеріне қоғамдық тәртіпті жәнетұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалықтүсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Заңды тұлғаларға құқық бұзушылықтаржасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою ұсынымы енгізіледі.

Көлік жүргізушілерінің де көпшілікке келеңсіздік тудыратын кездері де тіркеледі. Мәселен, түнгі 1 жарымға жуық уақытта полицияға Сәтбаев көшесі, 59-үйдің тұрғындарынан белгісіз адамдардың автокөлікте музыканы барыншақатты қосып қойғаны туралы қоңырау түскен. Мұндай шағымдар Лермонтов, Қамзин және М.Горький көшелеріндегі үйлердің тұрғындарынан да түскен. Барлық дерек бойынша тыныштықты бұзған «түнгі әуесқойларға» келген тәртіпсақшылары әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салған.

Керіспей,
келіскен жөн

 

Әрине, кейде шағым түсіргеннен кейін шу бәсеңдеп қалуы мүмкін. Мұндайдатүнгі тыныштықты бұзу дерегін қалай дәлелдеу керек деген сұрақ та туындайды.

– Ең бастысы, құқықбұзушылық орын алған кезде полицияға дереу хабарласуқажет. Полиция қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына барып, жағдайды сол жерде тексереді. Полиция келгенге дейін шу тоқтатылған болсада, тұрғындар өздерінде бар дәлелдерді ұсына алады. Мысалы, бейнежазба, аудиожазба, куәлардың түсініктемелері және басқа да материалдарқұқықбұзушылықтың мән-жайын анықтауға көмектеседі. Сонымен біргешақыртудың өзі де тіркеледі. Қай уақытта, қандай себеппен хабарласқаны, полиция қызметкерлерінің келген кездегі жағдайы және азаматтардыңтүсініктемелері тексеру барысында бағаланады, – дейді полицейлер.

Демек, тұрғындар «полиция келгенше тоқтап қалды, енді дәлелдейалмаймыз» деп уайымдаудың қажеті жоқ. Қолда бар барлық мәліметті полиция қызметкерлеріне хабарлау керек.

Мамандар тыныштықты бұзу тек музыканың қатты шығуыменшектелмейтінін айтады. Кейде кір жуғыш машинаның немесе шаңсорғыштыңдауысы иесіне қалыпты көрінгенімен тыныштық уақытында көршісіне кедергікелтіруі мүмкін. Айқай-шу, қатты музыка, жөндеу және құрылыс жұмыстары, түрлі дыбыстық құрылғыларды шамадан тыс пайдалану және басқа да әрекеттер жағдайға қарай құқық бұзушылық ретінде бағалануы мүмкін. Құзырлы орган әрбір жағдай нақты мән-жайлар негізінде қаралатынын айтады. Яғни, полиция қызметкері шақырту орнына барып, шудың сипатын, уақытын, оның тұрғындарға әсерін және басқа да жағдайларды анықтайды. Демек, кезкелген дыбысты автоматты түрде «тыныштықты бұзу» деп бағалауға болмайды. Құқықтық баға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес беріледі.

Осы ретте, құқық қорғау органдары көп жағдайда мәселенікөршілердің өзара сыйластығы мен қарапайымжауапкершілігі арқылы шешуге болатынын алға тартады. Яғни, өзгені де құрметтей білуге қоғам үйрену керек. Сонда мұндай келеңсіздіктер бойынша керісудің де жөні болмаседі.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.