Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие жүктемесін жеңілдетуді қарастырып отыр. Бұл туралы агенттіктің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында атап көрсетілген. Құжат жобасы біраз уақыт бұрын Ашық НҚА порталында орналастырылды.
«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ деректеріне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердегі, микроқаржы ұйымдарындағы және коллекторлық агенттіктердегі баланстағы және баланстан тыс кепілсіз тұтынушылық кредиттер мен микрокредиттерінің көлемі 2023 жылғы I тоқсанда 8 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін (+0,3 трлн теңге), 3,2%-ға ұлғайған. Қарыз алушы саны – 9,3 млн адам (+0,2 млн адам, 2,4 пайызға ұлғайған). Агенттіктің хабарлауынша, ведомство кейінгі жылдары борыш жүктемесін және тұтынушылық кредит беру тәуекелдерін барынша азайту үшін іс-шаралар кешенін іске асырды. Оның ішінде:
— 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем мерзімі 90 күн өткеннен кейін жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық кредиттері мен микрокредиттері бойынша айыпақыны және комиссияларды есептеуге заңнамалық тыйым салынды;
— Проблемалық тұтынушылық кредиттердің шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін пруденциялық реттеу шаралары күшейтілді;
— Қарыз алушылардың борыш жүктемесінің өсуін шектеу мақсатында тұтынушылық кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін реттеу жөнінде іс-шаралар қабылданды;
— Қиын жағдайға тап болған проблемалық қарыз алушыларға қолдау көрсету үшін олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және кредиторлар алдында қабылданған міндеттемелерді уақытылы орындауды жалғастыру мақсатында 2021 жылғы қазан айынан бастап екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының мерзімі өткен қарызды қайта құрылым-дауға қарыз алушылардың өтініш-терін қарауының міндетті рәсімін көздейтін проблемалық берешекті сотқа дейінгі реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілді;
— Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан проблемалық кредиттер мен жеке тұлғалардың микрокредиттерін азайту жөніндегі жеке жоспарлар талап етілді. Агенттік сонымен қатар тұтынушылық кепілсіз микро-кредиттердің шамадан тыс өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін мыналарды көздейтін түзетулерді қабылдауды ұсынады:
1) Екінші деңгейлі банктердің және микроқаржы ұйымдарының 90 күннен аса төлем мерзімін кешіктірген жеке тұлғаларға кредиттер мен микрокредиттер беруіне тыйым салу;
2) Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 18 ай ішінде проблемалық берешекті реттеуді жүргізбеген жеке тұлғалардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуды енгізу;
3) Коллекторлық агенттіктердің өздері сатып алған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша проблемалық берешекті реттеу рәсімдерін жүзеге асыру міндетін белгілеу;
4) Қарыз алушылармен және олардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде олар қолдана алмайтын жосықсыз әрекеттерді бекіту арқылы коллекторлық агент-тіктер қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру. Бұл ретте қарыз алушының уақыт шығындарын және коллекторлық агенттіктердің қаржылық шығындарын қысқарту мақсатында қарыз алушымен немесе оның өкілімен байланыс кезінде коллекторлық қызмет-керлер ұсынатын ақпарат тізбесі оңтайландырылды.
Оралхан ҚОЖАНОВ.