Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында Ертіс ауданының ұстаздарына мектептерде ұлттық құндылықтар арқылы сабақ беру тәсілдері бойынша семинар ұйымдастырылды. Онда қатысушылар интеграцияланған ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты.

Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты басшысының бағдарлап оқыту бойынша меңгерушісі Әлия Нұрмағанбетова аталған білім ордасының үздік мұғалімдері семинар кезінде оқытудағы түрлі тәсіл-дермен бөліскенін айтты.

—  Құндылықтарға негізделген білім жүйесінде патриотизм, еңбексүйгіштік, ашықтық, прагматизм сынды басты құндылықтарды сіңіртуде. Сондай-ақ, бұл жүйе облысымыздың барлық лицейінде басталып кетті. Соған байланысты басқа да мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасып отырамыз. Жалпы, құндылық тәрбиеге ғана қатысты емес. Білім жүйесіндегі құндылықтар әр пәнге енгізілген. Сонымен қатар, Pisa секілді бағдарламалардың тапсырмаларын қостық. Мәселен, бүгінде көпшілік мектептерде кіріктірілген сабақтар жүргізіледі. Өзара кәсіби әрекеттестік жасау мақсатында әр лицейге бір аудан бекітілген. Биыл Ертіс ауданы ұсынылды. Олардың қата-рында мектеп директорлары, тәрбие мен оқу ісінің орынбасарлары және физика, химия бағытында дәріс беретін мұғалімдер бар. Бір ерекшелігі, жаратылыстану бағытындағы сабақтар ағылшын тілінде жүргізілді, — дейді Әлия Маратқызы. Аталмыш семинарда, сондай-ақ ата-аналармен жұмыстың маңыздылығы қарастырылды. Теориядан практикаға сүйене отырып, оқушыларды ынталандыру әдістері, командада жұмыс істеу, олимпиадаларға дайындалу ерекшеліктері анықталды. Айта кетейік, «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарында оқушы жастардың бойында патриотизм, азаматтық сана-сезім, толеранттылық, жалпы және құқықтық мәдениет,  салауатты өмір салты, шығармашылық қабілет- терін жүзеге асыру, өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру және бос уақытты тиімді қамтамасыз ету бойынша даму сатыларының көрінісі күтіледі.

А.БОРАНБАЕВА.