Соңғы екі апта дересінде дүкен сөрелеріндегі кейбір өнім түрлерінің бағасы өскені байқалады. Мәселен, астықтың тапшылығына байланысты ұн мен нан қымбаттаса, маусымдық өзгерістің салдарынан жұмыртқа бағасы артты. Жергілікті билік аталған өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін қандай шараларды қолға алды?
Тұтынушылар соңғы бір-неше апта дересінде күнде-лікті тұтынатын кейбір азық-түлік түрінің қымбаттағанын байқады. Айталық, бұған дейін жұмыртқаның ондығы 400-450 теңге аралығында болса, қазіргі уақытта 450 теңгеден басталып, 500 теңгеден асады. Облыстық кәсіпкерлік және индуст-риялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Махамбет Қырықбестің айтуынша, бағадағы мұндай өзгеріс – маусымдық жағдай.
— Соңғы екі апта аралы-ғында жұмыртқаның бағасы өскені рас. Мәселен, осыдан екі апта бұрын «Павлодар Құс» фабрикасынан нарыққа жөнелтілген бір жұмыртқаның бағасы 39 теңге болса, қазір — 45 теңге. Сол сияқты «Шарбақты Құс» фабрикасының өнімі 45 теңге болса, бүгінде 48 теңге тұрады. Бұл бағалар енді тұрақты болуы тиіс. Кәсіпорындардың басшылығы алдағы уақытта бағаның қосылмайтынын айтты, — дейді бас маман. Сонымен қатар, осыдан екі апта бұрын бір келісі 139 теңге болған бірінші сұрыпты ұн бүгінде 158 теңгеге бағаланып отыр. Сәйкесінше, қағаз қаптама мен қаптардағы өнімнің де бағасы өсті. Айталық, бұған дейін дүкен сөрелеріндегі екі келілік ұнның бағасы 510-550 теңге аралығында болса, қазіргі уақытта 570-630 теңгеге сатылуда. Ұн қымбаттағандықтан, одан дайындалатын өнімдердің бағасы да өсті. Кейбір дүкендерде бір бөлке нан 120 теңгеден 140 теңгеге дейін қымбаттады.
— Азық-түлік корпорациясы мен жергілікті «Аслан» жеке кәсіпкер-лігі арасында жасалған меморандум аясында нан бағасын тұрақтандыру үшін наубайханаға ұн арзандатылған бағамен беріледі. Сондықтан әлеуметтік нанның бағасы 95 теңге көлемінде сақталады, — дейді М.Қырықбес. Жалпы, жыл басынан бері өңірде азық-түліктің бағасы 2,8 пайызға қымбаттады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз өспеуі үшін құзырлы басқарма жүйелі түрде мониторинг ұйымдастырып, тұрақтандыру қоры бірінші кезекте керек өнімдерді сатып алуда.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.