Ауданның Жолтаптық ауылында «Орталық Азиядағы алғашқы көміртектік кеңістік» аумағында 270 қылқан жапырақты ағаштан «UMIT» деген геоглиф жазбасы пайда болды. Яғни, осында отырғызылған ағаштарды төбесінен қараса, үміт сөзін оқисыз.
Бұл бастаманы «BASS Holding» ЖШС ұжымы «Көшет отырғызудың ұлттық күні» жыл сайынғы экологиялық акцияны қолдау және бас бостандығынан айырылған әйелдерге және босқындарға арналған «UMIT» қазақстандық кризистік орталық халықаралық жобасын қолға алу үшін ұйымдастырған. Көшет отырғызуға Жолтаптық ауылының тұрғындары, аудан әкімдігі, «BASS Holding» серіктестігінің және «Тұрақты даму» Жер қоры үкіметтік емес ұйымының ұжымдары атсалысты. Айта кетейік, елімізде «Көшет отырғызудың ұлттық күні» биыл тоғызыншы жыл атап өтілуде. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолда-уында «Біз азаматтарымыздың экологиялық жауапкершілігі мен мәдениетін жүйелі түрде арттыра отырып, табиғатқа деген көзқарасымызды түбегейлі қайта қарауымыз керек» деді. «BASS Holding» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және еліміздің экологиясын жақсартуға бағытталған бастамаларды әлі де жалғастыра бермек. Жоба жетекшісі Хантемір Тасболатов бұл бастама еліміздің көгалдандыру саласындағы үлкен әрі өміршең бастама болатынына сенімді.
Г.МАҒЖАН.