Баянауылдық тұрғындарды көптен бері толғандырған мәселенің бірі ауылішілік жолдардың тозып кетуі болатын. Бүгінде бұл мәселе біртіндеп оң шешімін табуда. Биыл бірнеше елді мекенде жол жөндеу жұмыстары қолға алынып, ауыл көркі кіруде.

Сондай елді мекеннің бірі — Қаныш Сәтбаев ауылының ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті. Аталмыш ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Манара Тершікбаеваның айтуынша, мұндағы Құрылыс, Рақымжан, Сәтбаев, Жыланды, №1 және №2 көшелері жөнделген. Бұл бағыттағы жұмыстарға 86,6 млн теңге қаржы жұмсалған. Алты көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізумен «UNIVERSAL KLAS» ЖШС айналысқан. Аталған көшелердің ұзындығы 4,9 шақырымды құрайды. Әйгілі жерлесіміздің есімімен аталатын ауыл тұрғындары аймақ, аудан басшыларына ризашылықтарын білдіруде.

Н.АҚЫТЕГІ.