Аққулы ауданында жұмыссыздық мәселесі оң шешілуде. Бүгінде барлығы 866 адамға жұмыс орны құрылған.

Аудандық мансап орталығы басшысы Д.Ақказенованың айтуынша. инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру шеңберінде 156 адам қамтылып, бос жұмыс орындарына 316 тұрғын орналастырылған. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» жөніндегі баста-масы шеңберінде 92 жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда субсидияланатын жұмыс орындарын іске асыру бойынша 243 адам қамтылып отыр. Оның ішінде 32 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған. Бүгінде ауданда «Жастар тәжірибесі» бойынша 48 адам қамтылса, қоғамдық жұмыстарға 134 адам қабылданыпты. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар арасынан «Күміс жас» жобасына 19 адам, ал алғашқы жұмыс орны жобасына 9 тұрғын орналастырылды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына сәйкес 1 азамат жұмыспен қамтылды.

Т.ӘБІЛДА.