Ақтоғай ауданы дәрігерлері «Ауылдастар» ардагерлер клубына барып, ауыл зейнеткерлері үшін көшпелі тегін медициналық тексеру жүргізді.
Мұнда стоматолог, кардиолог, лор, невропатолог, терапевт, ЭКГ мамандары қызмет көрсетіп, ардагерлерге тиісті кеңес берді. Дәрігерлер денсаулыққа мән беріп, сала мамандарына жиі қаралудың маңыздылығын айтты. Қазір әлем бойынша климаттық өзгерістер орын алып жатқандықтан, атын өмірі естіп көрмеген аурулардың пайда болып жатқанын білеміз. Бұл ретте, ардагерлердің уақытылы ем алуы маңызды. Медициналық тексеру жұмыстары аяқталған соң аурухана ұжымы ардагерлердің құрметіне ақ дастархан жайды. Қариялар өз кезегінде дәрігерлерге алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.
Өз тілшіміз.