Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар аймағында егістік алқаптарындағы қарбалас тірлік соңына таяп қалды. Павлодар өңірінде де бұл маусымдық жұмыстар қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде межеленген көлем аяқталуға жақын. Ағымдағы жылы облыс бойынша егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 1 657,3 мың гектарды құрайды. Жергілікті диқандар биыл егіс жұмыстарын ертерек еңсеріп, көктемгі дала жұмыстарын маусым айының ортасына дейін толығымен аяқтаймыз деп отыр.
Өңірдегі егістік алқап-тарында көктемгі дала жұмыстарының аяқталуына аз уақыт қалды. Диқандар бұл жұмыстар биыл шамамен 10-15 маусымға дейін жалғасатынын айтуда. Облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, мамыр айының соңы мен маусым айының басындағы жағдайға сәйкес егіс алқаптарының 603 мың гектар жеріне түрлі дақылдардың тұқымы егілді. Сонымен бірге, көктемгі егістік жұмыстары барысында 302 мың гектарға жуық жерді жырту жұмыстары жүргізілді, бұл меженің 99 пайызын құрайды. Ал егісалды өңдеу жұмыстары 554,8 мың гектар алқапта жүргізіліп, жалпы жоспардың 87 пайызы орындалды. Бұдан бөлек, маусым айының басында Железин және Ертіс ауданындағы шаруалар егістік алқаптарын химиялық жолмен аршып, 32,3 мың гектар алқапты арамшөптерге қарсы химиялық препараттармен өңдеп үлгерді.
Облыс бойынша 49 мың гектар жерді майлы дақылдар – рапс, соя, зығыр, қыша және мақсары алып жатыр. Ал күнбағыс 246,3 мың гектарға өсіріледі. Қазіргі уақытта майлы дақылдар 154,4 мың гектарға егілді, бұл барлық майлы дақылдардың 52 пайызын құрайды.
Сондай-ақ, 284,4 мың гектар жерге дәнді дақылдар, 750 мың гектар алқапқа бидай егілді. Биыл жалпы бидай сынасының 28 пайызы егілмек. Малазықтық дақыл-дарды егу жұмыстары да жалғасуда. Мәселен, ағымдағы жылы көпжылдық шөптер 107,4 мың гектар алқапқа егу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні бұл дақылдар 44 мың гектарды, яғни мал азығына бөлінген алқаптың 41 пайызын алып жатыр.
Облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімов биыл егіс алқап-тарын әртараптандыру шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,3 мың гектарға артық екенін атап өтті. Айтуынша, бұл майлы және жем-шөп дақылдарының егістігін кеңейту есебінен жүзеге
асырылуда.
— Ағымдағы жағдай бойынша дәнді дақылдар 1036,8 мың гектарға, майлы дақылдар 295 мың гектарға, жемшөп дақылдары 292 мың гектарға, картоп 24,7 мың гектарға және көкөністер мен бақша дақылдары 8,8 мың гектар алқапқа егілді. Көктемгі дала жұмыстарының жоспарына сәйкес, көктемгі егіс алаңы 1 471,9 мың гектарды құрайды. Бүгінгі күні 1062,8 мың гектар немесе жоспарланғаннан 100 пайыз ауданда ылғал жабылды. Көктемгі жер жырту жұмыстары 303,4 мың гектар, егіс алдындағы өңдеу жұмыстары 576,2 мың гектар жерде жүргізілді. Сондай-ақ, 174,4 мың тонна тұқым (дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 111,3 мың тонна, майлы дақылдар 3,5 мың тонна, жемшөп 2,4 мың тонна, картоп 57,4 мың тонна) себілді, — деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар, Есентай Мүрсәлімов 2024 жылға арналған минералды тыңайт-қыштарды жөнелтудің жоспар-ланған көлемі 94 100 тоннаны (Жол картасы бойынша ғылыми негізделген қажеттілік) құрайтынын жеткізді. Бүгінгі күні 25 600 тоннаны жөнелтуге шарттар жасалды, іс жүзінде 16 753 тонна, оның ішінде «ҚазАзот» АҚ-573 тонна, «Қазфосфат» АҚ — 346 тонна жөнелтілді.
— «ҚазАзот» АҚ және «Қазфосфат» АҚ тыңайт-қыштарын өндірушілерге аммиак селитрасы мен аммофосқа қажеттілік бойынша тізімдер жіберілді. «ҚазАзот» АҚ ережесіне сәйкес 1058 тоннаға тыңайтқыштарды сату жоспары құрылды. Көктемгі егіс жұмыстарына барлық модифи-кациядағы 2875 трактор, 1794 бірлік соқалар, 1015 қопсытқыш, барлық түрдегі 6606 тырма, 4123 сепкіш және 261 егіс кешені қатысуда, — деп толықтырды ол.
Айта кетейік, биыл көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру мақсатында өсімдік шаруашылығын қолдауға жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге субсидиялар бөлінді. Бүгінгі таңда 2,5 млрд теңге сомасына күту парағында болған 1 355 өтінім толық көлемде төленді. Атап өтсек, «Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» бағыты бойынша 1,9 млрд теңге бөлініп, 2023 жылғы резервтен 0,3 млрд теңге сомасына 130 өтінім, 2024 жылғы 0,5 млрд теңге сомасына 140 өтінім төленді. Сондай-ақ, «Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағытына 2,0 млрд теңге қарастырылған. Бұл ретте 2023 жылғы резервтен 0,9 млрд теңге сомасына 394 өтінім төленді, аванстық есеп бойынша тыңайтқыштарды өндірушіге 0,1 млрд теңге аударылды. Ал «Пестицидтердің құнын субсидиялау» бағыты бойынша 1,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 2023 жылғы резервтен 0,8 млрд теңге сомасына 635 өтінім
төленді.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын несиелеу мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлім-шелерімен 2024 жылы жалпы сомасы 12,3 млрд теңгеге 284 кредит берілді. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 4,1 млрд теңгеге 157 кредит, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 1,3 млрд теңгеге 44 кредит, «Кең дала» бағдарламасы бойынша 2,8 млрд теңгеге 113 кредит мақұлданды. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 8,2 млрд теңге сомасына 127 қарыз алушы кредиттеліп, 364 бірлік техника сатып алынды. Сондай-ақ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасына 647,2 млн теңге бөлінді.
Дала төсін еңбек дүбірімен кернеген диқандар үшін қауырт науқанның аяқталуы жақын. Несібесін жерден жинайтын шаруалар қауымының бел жазбай еңбек ететіні де осы кез. Бүгінде әр аудан, әрбір ауылдық округте олар көктемгі дала жұмыстарын аяқтап, егіс дақылдарын жоспарға сай орналастыруда. Әрине, дала еңбеккерлері талмай еңбек етсе қандай межеге де қол жеткізуге болатыны анық. Павлодарлық шаруалар
да тынымсыз еңбектің арқа-сында табыстың тайқазанын тасытарына күмәніміз жоқ.
Алтынбек МҰҚЫШЕВ