«Жазғы POV-2024» бағдарламасы аясында Павлодар қалалық білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы оқушылар арасындағы шеберлік сағаттарын өткізу шарасын аяқтап, қорытындысын шығарды.

Бұл бағдарлама бойынша балалар сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстардың қыр-сырын меңгерген болатын. Осы бағытта бірнеше тақырыпта «National Trend» шеберлік сыныптары өтті. Атап айтқанда, «Атласты ленталардан раушан жасау», «Ыдыс-аяқтарды безендіру», «Жастықтарды дайындау және безендіру» атты шеберлік сабақ-тары ұйымдастырылды. Ал 1 — 5 шілде аралығында тоқыма бұйымдарын тігу, бисермен безендіру, түймелерді пайдалану, жамау технологиясы бойынша «Киізбен жұмыс» сабағы жүргізілді. Әр сабақ пайдалы істерге толы болды. Мәселен, «Түймелерден пано» шеберлік сағатында балалар картиналар мен рамкалар жасауды, қорапшаларды безендіруді үйренді. Әр тақырып бойынша оқушылар жасаған жұмыстар арасында байқау ұйым-дастырылып, жеңімпаз атанған шәкірттер арнайы дипломдармен марапатталды.

 

Нұржайна ШОДЫР.