Жақында бір топ қазақстандық оқушы халықаралық химия олимпиадасына қатысып, екі алтын және күміс, қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында павлодарлық жас талант Ринат Елеусізов те бар.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығының ақпараты бойынша «IChO-2024» деп аталатын химия пәнінен 56-шы халықаралық олимпиада Сауд Арабиясында өткен. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең талантты жас химиктер қатысып, бақ сынаған. Олармен бірге білімдерін ортаға салған қазақстандық команда жүлделі орын иеленіп, ең жоғары екі марапатқа қол жеткізді. Яғни, біздің оқушылар қос алтын, бір күміс және бір қола медаль еншілеп, 100 пайыз нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Сондай-ақ, қазақстандық құрама команда осымен үшінші жыл қатарынан жоғары нәтижеге жеткенін атап өткен жөн.
Еліміздің абыройын асқақ-татып, жеңіс тұғырынан көрін-гендердің қатарында Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Ринат Елеусізов, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Кирилл Ким мен Абылай Қабдылқадыр және Ақтау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділжан Молдағұл бар.
Нұржайна ШОДЫР.