Осыдан екі жыл бұрын облыс орталығындағы қоғамдық көлік-термен оқушылардың тегін қаты-науына мүмкіндік берілді. Ол үшін балалар мектепте оқитынын растайтын анықтама арқылы көлік карталарын алды.

 

Енді жаңа оқу жылы басталмай тұрып, жоғары сынып оқушылары көлік карталарын жаңарту керек. Бұл жөнінде «Смарт Автобус ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мәлім етті. Жоғары сынып оқушыларының «Avtobus» карточ-каларының мерзімі жаңа оқу жылы басталысымен аяқталатын көрінеді.

Жаңа оқу жылы басталысымен мерзімінің аяқталуына байланысты жоғары сынып оқушыларының көлік карталары бұғатталады. Сондықтан, жаңа оқу жылының басында бірден Павлодар қаласындағы Академик Шөкин көшесі, 31-үй мекенжайындағы кеңсеге бару керек. Әлеуметтік карта пайдаланатын студенттер оқу орнынан анықтама алуы тиіс. Ал 9, 10,11, 12-сыныптарға көшкен оқушылар мектебінен анықтама және көлік картасын алып, кеңсеге барып, растауы тиіс. Осылайша, ескі картаның мерзімі ұзартылмақ. Жаңа карта сатып алудың қажеті жоқ.

Ескеретіні, 8-сынып және одан төмен сыныпта білім алатын балаларға еш алаңдаудың қажеті жоқ. Олардың карталары бұғатталмайды.

 

Г.МАҒЖАН.