Photo Valeriy BUGAYEV

10 тамыз – Абай күні. Атаулы күнге орай Павлодар қаласында Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, ақынның рухына тағзым жасалды. Шараға облыс әкімі Асайын Байханов, өңірдің құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

 

Шара барысында аймақ басшысы жиналған қауымды Абай күнімен құттықтап, ұлы ақынның мұрасын қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыруымыз керек екенін атап өтті.

Қазақ халқын білім мен дамуға шақырған Абайдың шығармашылығы мен мол мұрасы бүгінде өз құндылығын жоғалтқан емес. Ұлы ойшылдың артында қалдырған мұрасы даналыққа, адамгершілікке және жақыныңа деген жанашырлыққа үндейді. Бұл пікірмен филология ғылымдарының докторы, профессор
Айтмұхамет Тұрышев та толық келіседі.

– Абайдың барлық шығармасында білімнің қажеттілігі айтылады. Осындай ата-бабаларымыз болған өмірге қалай шағымдана аламыз? Абай Отанының игілігі үшін өзін аяған жоқ. Туған жерге, халыққа қызмет ету – ол үшін өмірдің мәні осы болды. Біз ұлы ақынға құрмет көрсету үшін келдік, – деді А.Тұрышев.

Ұлы ақынның туған күніне орай, одан бөлек, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі кітапханалар мен музейлерде поэзия сағаттары, әдеби-сазды кештер, мәнерлеп оқу байқаулары және кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Айта кетейік, 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып келеді.

 

Айдана БОРАНБАЕВА.