Әр жолаушы үшін жолда ғибадат құлшылығын орындап, бес уақыт намазын өтеуге жағдай жасалуы қажет. Бұл — бүгінгі заманның талабы. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бойында намазханалар көптеп ашылып жатыр.
Жақында Қазақстан Мұсыл-мандары діни басқармасы Павло-
дар облысы өкілдігінің ұйымдас-тыруымен Екібастұз қаласының Бәйет ауылының тұсына намазхана ашылды. Ғибадат орны Астана-Павлодар тасжолының бойында орналасқан. Жаңа намазхана заманға сай жабдықталып, жолаушылардың ғибадат жасап, демалуына барлық жағдай қарастырылған.
Намазхананың ашылуына Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы қатысып, атсалысқан азамат-тарға, жергілікті билік өкілдеріне алғыс білдірді.
— Бұл — Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Алматы облыстары мен Астана қаласын жалғап жатқан үлкен күре жол. Иә, бұл бағыттағы жүргіншілердің көп екенін барлығымыз білеміз. Сондықтан Екібастұз қаласы имамдарының және кәсіпкер азаматтардың қолдауымен намазхана ашуды жөн санадық. Мұнда ұзақ жолдан шалдығып келе жатқан жолаушылар үшін тоқтап демалуына, дәрет алып, асықпан намаз өтеп аттануына барлық мүмкіндіктер жасалған, — деді бас имам.
Тілеуберді САХАБА.