Биылғы құрғақшылық шаруаларды қос бүйірден қысты. Павлодарлық диқандар еккен егінін өсіре алмай, тамыз айының басында шырыл қаққан-ды. Себебі, банк алдында берешегі бар еңбек адамдарының мемлекеттен көмек сұраудан басқа амалы қалмады. Сонымен, қуаңшылықтың салдарынан тығырыққа тап болған шаруаларға қандай көмек көрсетілуде? Маусымаралық жұмыстарға қажет ауыл шаруашылығы техникаларын алудың тиімді шарттары қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалының директоры Алпысбай Байсалмен әңгімелестік.

Алт

– Қолайсыз ауа райына байланысты қиындықтарға тап болған аграршыларға «ҚазАгроҚаржы» АҚ қандай қолдау көрсетуде?

– «ҚазАгроҚаржы» АҚ ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты аграршыларға қаржы лизингі шарттарын қайта құрылымдауды немесе ұзартуды ұсынады. Осы қиын кезеңде компания ауыл кәсіпкерлеріне экономикалық қиындықтарды жеңу үшін көмек көрсетуге өзінің дайын екендігін растайды. Бұған дейін Компания тұрақсыздық айыбын есептен шығару жөніндегі науқанның басталғаны туралы жариялаған болатын, сондай-ақ, «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 1 наурызға дейін авансты төлеу бойынша кейінге қалдыра отырып, жем өндіру үшін ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компанияда су тасқыны, төтенше оқиға, қолайсыз табиғат құбылыстары, құрғақшылық сияқты форс-мажорлық жағдайда құжаттардың қысқартылған паке-тімен жеңілдетілген форматта несиені ұзарту немесе қайта құрылымдауды ұсынады. Бұдан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нда тұрақсыздық айыбын есептен шығару бойынша акция жалғасуда. Қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты ақшалай міндеттемелерді орындау бойынша мерзімін өткізіп алған және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қаржыландыру шарттары бойынша төлемдерді қайта құрылымдауды/ұзартуды алған клиенттерге – 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелген тұрақсыздық айыбы есептен шығарылады. Сондай-ақ, негізгі борыш немесе сыйақы бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар клиенттер 2023 жылғы 10 желтоқсанға дейін оларды толық өтеген жағдайда есептелген тұрақсыздық айыбы есептен шығарылады. Акцияға қатысу үшін клиенттер жазбаша өтініш беруі керек. Акцияға қатысу шарттары мен толық ақпарат алу үшін өңірлік филиалға хабарласуға болады.

– Облыс бойынша қанша шаруа мұндай қолдау-көмекке ие болды?

– Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ Павлодар облысындағы филиалы құрғақшылықтан зардап шеккен аграршылардан 40-қа жуық өтінім алды. Бүгінде оның төрттен бір бөлігі мақұлданған. Қалған өтінімдер компания филиалымен белсенді түрде өңделуде. 2023 жылғы қазандағы жағдай бойынша компанияға құрғақшылық, шамадан тыс жауын-шашын салдарынан зардап шеккен 78 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден (68 жазбаша өтініш және 10 ауызша өтініш) 5,3 млрд теңге сомаға өтініштер келіп түсті. Төлемдер бойынша кейінге қалдыруды клиенттер көбінесе 3 айға және 1 жылға ұзартуды сұрайды. Осылайша қолайсыз ауа райына байланысты қиындықтарға тап болған аграршыларға «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдау көрсетуді жалғастыруда.

– Шаруаларды толғандырған сауалға жауап iздеп көрейiк. Сонымен, лизингке техниканы қалай алуға болады?

– «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басты мiндетi осы техникалық парктi, сондай-ақ, басқа да мамандан-дырылған жабдықтарды жаңарту проблемасын шешу, шаруаларға қолдау көрсету болып табылады. Iскерлiк беделi, кредиттiк тарихы, бiлiктi қызметкерлерi бар кез келген агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың лизингке техника алу үшiн қаржы алуына мүмкiндiгi бар. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң жүктемесiн барынша азайтуға тырысудамыз. Осыған байланысты, барлық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесi төмендетiлдi. Жалпы, лизинг негiзiнде техника мен жабдықтарды сатып алу үшiн «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның кез келген филиалдарына барып, ондағы кредит менеджерлерiнен кеңес алуға болады. Олар қажеттi құжаттар тiзбесiн ұсынады. Қаржыландыру мерзiмi 10 жылға дейiн, аванстық төлемi техника құнының 15 пайызынан басталады. Сонымен бiрге, шаруалардың төлемдердi өтеуге 1 жылға дейiн жеңiлдiк кезеңiн алу мүмкiндiгi бар.

– Ақпаратыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан –  ынбек МҰҚЫШЕВ.