Мен өскенде… Мұғаліміміз осы тақырыпты тақтаға жазғанда түрлі ойға қалдым. Бала қиял шарықтап кетті.

Мен қазір домбыра, би, қолөнер секілді үйірмелерге қатысып жүрмін. Яғни, Құрманғазы, Тәттімбет аталарым мен Дина апамның ізін басып, қазақтың қасиетті аспабының құдіретін әлемге паш еткім келеді. «Шара, Шұғыла апалардай мың бұрала би билеп, қазақтың жадында қаларлық биші болсам» деген арманым да бар. Ал кейде кәсіби тігінші болуды қалаймын. Ескірмейтін үлгідегі сырмақ, текемет, түскиіз тігіп, ұлттық өнерді әспеттегім де келеді. Бүгінгі қызығушылығым қай бағытқа бұрылса, сол саланы негізгі кәсібім етіп таңдайтын шығармын.

Рабиға БАЙБЕКОВА, М.Әлімбаев атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.