Аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мектеп директорлары, құқық қорғау органының өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу және тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамаған Успенка ауылының тұрғынына қатысты жеке іс қаралды. Комиссия мүшелері бұл отбасымен бірлескен профилактикалық жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізілгенін, материалдық қолдаудың барлық шаралары көрсетілгенін айтып, бірақ ата-анасы тиісті қорытынды жасамағанын жеткізді. Осыған байланысты комиссия төрағасы ата-ананың құқықтарын шектеу жөнінде шаралар қабылдау үшін материалды қорғаншылық және қамқоршылық органына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек, комиссия отырысында кәмелетке толмаған 2 мектеп оқушысының тәрбиесі қаралып, ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Комиссия төрағасы кәмелетке толмаған әр жасөспірімнің қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаздардың ұдайы назарында болуын және олардың арасында құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда комиссия дереу шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.

 

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.