Аққулы ауданында 4 пәтерлі 2 үй салынуда. Құрылыс жұмыс-тары өткен жылдың шілде айында басталған. Жаңа баспаналар биылғы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің абаттандыру жөніндегі инспектор Болат Жазитовтың айтуынша, әрқайсысы 3 бөлмеден тұратын жаңа баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілмек.

Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде 272 адам тұр. Көп балалы және аз қамтылғандар санатында 41 адам болса, әлеуметтік жағдайы төмен 35 адам бар. Оның ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 35 бала баспанаға мұқтаж. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет және бюджет саласынан 79 адам және жалғыз баспанасы апатты деп танылған 12 адам тұрғын үй кезегін күтуде.

 

Т.ӘБІЛДА.