Баянауыл ауданының оқушылары арасында әлімжеттік көрсетудің алдын алуға бағытталған жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осы мақсатта З.Ақышев атындағы мектепте жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы «Біз бақытты баламыз» тақырыбында кездесуұйымдастырылды.
Аталмыш шараға аудандық прокуратураның прокуроры Еркеғали Ерболатов, аудандық полиция бөлімінің инспекторы Эльмира Мекен, жергілікті учаскелік инспектор Азат Даныбаев, білім беру бөлімінің әдіскері Гүлден Хабибуллинова қатысып, балаларға ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу барысында сондай-ақ, оқушыларға бір-біріне әлімжеттік көрсетпеуге, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, мектептің ішкі ережесін бұлжытпай орындауға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар балаларды толғандырған сауалдарға да жауап берді.
Н.АҚЫТЕГІ.