Жолтаптық ауылында «Халықаралық орман еріктісі мектебі» жобасы жүзеге асты. Оған экологиялық еріктілік бағытындағы еліміздің және шетелдің сарапшылары қатысты.

Экологиялық қозғалыстың мұндай кездесулерін аталмыш ауданда жыл сайын өткізу жоспарлануда.

Экология еріктілеріне арналған мектеп жобасына қазақстандық «Тұрақты даму» Жер қоры және Ресейдің «ЭКА» жасыл қозғалысы қолдау көрсеткен. Бұл жоба арқылы Қазақстан Президентінің «Адал азамат» идеясын жастар ортасында барынша насихаттау мақсат етілген. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш идеяның негізгі бағыттарының бірі – өскелең ұрпақ бойында экологиялық белсенділікті, әділдікті, қоршаған ортаға ұқыппен қарау, еліне, отбасына жауапкершілік таныту қасиеттерін сіңіру. Еріктілер мектебіне арнайы келген «Тұрақты даму» Жер қорының сарапшысы Мирас Қадірбаевтың Инстаграм желісіндегі парақшасынан аңғарғанымыз, «Жер амбассадорлары» бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысының креативті жастары және көрші елдің экологиялық еріктілері қоршаған ортаны қорғауға үлес қосудың түрлі тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта өз жобаларын бастауға ниетті. Еріктілер Жолтаптық ауылы маңында орман ішінде киіз үйде бір аптадай тіршілік етіп, экологиялық мәселелерді талқылап, озық тәжірибелерін ортаға салды.

 

Г.МАҒЖАН.