Жұрт қызыққан жәрмеңке

Нау 13, 2025

Аудан орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған барлық ауылдық округтің тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысты.

Аудан тұрғындарына жылқы, қой, сиыр және құс еті мен сүт өнімдері нарықтағы бағадан 20 пайызға төмен ұсынылды. Сонымен қатар, жұмыртқа мен ұн өнімдері де саудаланды. Жұртшылық тарапынан қаймақ, ірімшік, май сынды сүттен жасалған тағамдарға сұраныс жоғары болды. Жәрмеңкеде жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама әзірлеп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Этномәдени бірлестік өкілдері де белсенділік танытып,  түрлі ойындар ұйымдастырды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.