Көшіп келуге ниет танытты

Шіл 3, 2025

Железин ауданына «Оңтүстіктен Солтүстікке көшу» жобасы аясында Түркістан облысынан тұрғындар келіп, жергілікті жағдаймен танысты.

Аудандық Мансап орталығының әлеуметтік желідегі ақпаратына сүйенсек, жауапты органдар қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, ауылдың тыныс-тіршілігі мен инфрақұрылымын көрсетті. Табиғаты көркем, өмірі тыныш ауылдар көпшіліктің көңілінен шыққан. Нәтижесінде бірнеше отбасы осы жерге қоныс аударуға шешім қабылдап, құжаттарын тапсырды.

Сондай-ақ, келген азаматтарды аудан әкімінің орынбасары Райхан Усина қабылдап, барлық сұрақтарына жауап берді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де барлық қажетті ақпаратты жеткізді.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.