Жуырда Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Шұға және Шілікті ауылдарын аралады.

Бүгінде Шұға ауылында су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта сорғы станциясын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, ал нысанның пайдалануға берілуі желтоқсан айының соңына жоспарланған.

Одан бөлек, Шұға ауылында таяуда жаңа медициналық пункт қолданысқа берілмек.  Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, қажетті жабдықтар  жеткізілді. Ал аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл нысан да жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады деген жоспар бар. Сондай-ақ, Шілікті ауылында медициналық пункттің құрылысы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта электрмонтаждық жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыс-тарын тапсыру мерзімі – осы жылдың соңы. Аталған елді мекеннің кіреберіс жолына қиыршықтас төсеу жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жұмыстардың аяқталуы 15 желтоқсанға жоспарланған.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.