Бүлінген жол ретке келтірілді

Қыр 17, 2026

Көктемнен бері өңірімізде ауылішілік, кіреберіс жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алғаны белгілі. Әр ауданда осы бағытта жұмыстар жүзеге асты. Железин ауданында биыл аудан орталығымен қатар, ауылдарда көшелер асфальтталды. Бүлінген жолдар ретке келтірілуде.  

Мәселен, Железин ауданында биыл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суының көп мөлшерде жиналуынан Веселая роща ауылына кіреберіс жолдың шамамен 1000 шаршы метр жол жамылғысы бүлінген. Бүгінде осы учаске жаңартылған.

– Биыл ауылда су тасқынына қарсы бірқатар жұмыстар жүргізіліп, су бұру арналары салынды. Ал жолды қалпына келтіруге елді мекеннің дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың қолдауы себеп болды, – деп жазды аудан әкімі Айтуған Шайхимов.

Нақтысы, облыстық мәслихат депутаты Вячеслав Соломкин және кәсіпкер Руслан Бақауов ауылды абаттандыруға жәрдемдескен. Аталған жұмыстарды «Аракс» ЖШС атқарған.

Г.МАҒЖАН.

Железин ауданы