Ертіс ауданында жазғы сауықтыру маусымы басталып, 25 мектеп пен 2 қосымша білім беру ұйымының жанындағы лагерьлер өз жұмысын қолға алды. Биылғы лагерь бағдарламалары балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың білімін толықтырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жазғы кезеңде оқушылар үшін түрлі бағыттағы бейіндік лагерьлер ұйымдастырылуда. Әрбір алаң белгілі бір тақырыпқа негізделіп, балалардың қызығушылығы мен бейімділігін дамытуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, этнотәрбие, туризм, ғылым, көшбасшылық, құқықтық мәдениет және отбасы құндылықтарын насихаттайтын бағдарламалар жүзеге асырылады.
Лагерьлер аясында оқушыларды мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар күтуде. Олардың қатарында шатырлы лагерьлер, пікірсайыс алаңдары, «Сарбаз» әскери-патриоттық лагері, «Изобретариум» ғылыми жобасы, «Adal nights: Территория смыслов» құқықтық лагері, «Жас ақын» әдеби алаңы мен «Qamqor» отбасылық лагерьлері бар. Сонымен бірге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы негізінде экологиялық ауысымдар ұйымдастырылып, балалардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауына басымдық беріледі.
С.ӘБДОЛ.
Ертіс ауданы
