Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – ауылішілік автомобиль жолдарының сапасын жақсарту.
Қазіргі таңда ауылдағы бірқатар көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Абай көшесінің 1,5 шақырым, Ы.Алтынсарин көшесінің 1,325 шақырым және Тәуелсіздік көшесінің 0,529 шақырым учаскелері қамтылған. Осылайша, жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 3,354 шақырымды құрайды.
Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «ГорДорСтрой» ЖШС-мен шарт жасалған. Мердігер ұйым бүгінде тиісті жұмыстарды бастап, белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді.
Жобаның тағы бір ерекшелігі – мердігер компанияның жауапкершілік танытып, әлеуметтік маңызы бар нысандарға апаратын жолдарды өз қаражаты есебінен абаттандыру жұмыстарын жүргізуі.
А.БОРАНБАЕВА.
Ақтоғай ауданы
