Еріктілер қозғалысы елімізде жыл өткен сайын белсене түскені анық. Азаматтық ұстанымы бар қаншама жас қоғамға үлес қосуға ниетті. Тереңкөлдік жастар да осындай игі істен шет қалған жоқ.
Тереңкөл ауданының «Алдаспан» жастар орталығының мәліметінше, бүгінде ауданда 4861 жас азамат тұрады. 14 пен 35 жас аралығындағы 175 қыз-жігіт – еріктілер санатында. Олардың басым бөлігі аудан орталығы Тереңкөл ауылында шоғырланған. Жыл басынан бері 12 оқушы ерікті ретінде қатарға қосылған. Еріктілермен әрдайым белсенді жұмыс жүргізіледі. Мектептерде жиі кездесулер өткізіліп, еріктіліктің ерекшелігі, оның қоғамға пайдасы турасында түсіндіріледі. Белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға көңіл бөлінеді.
Аудандағы еріктілер бірқатар бағытта қызмет етеді. Мәселен, әлеуметтік бағыт бойынша жастар мұқтаж жандарға, жалғызбасты зейнеткерлерге қол ұшын беріп, жәрдемдеседі. Яғни, «Ардагер» атты әлеуметтік акциясына қатысып, жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмектеседі. Осылайша, олар аға буынға деген құрметін әрі қамқорлығын білдіреді. Ал экологиялық бағытта белсенді жас азаматтар қоршаған ортаны жақсартуға атсалысады. Яғни, аумақ-
тарды тазартып, айналағының тазал-ғына үлес қосады. Атап өтсек, «Таза жағалау» және «Таза ауыл» акцияла-рында белсенділік танытады.
Еріктілер қозғалысының қайырым-дылық бағытын да тереңкөлдік жастар ұмытпайды. Олар қайырмдылық шараларға қатысып, көмек көрсетуде алдыңғы қатарда жүреді. Ақпараттық-түсіндіру бағыты бойынша жастар еріктілік туралы ақпаратты кеңінен таратып, белсенді, азаматтық ұстанымы нық жастарды қатарларына тартуға мән береді.
«Күш – бірлікте» екенін білетін терең-көлдік еріктілер әрдайым қоғам өмірінің бел ортасынан табылуға тырысады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе әрбір бастамаға атсалысады. Ерікті азаматтар жастар орталығының барлық оқиғаларының ортасында жүреді. Түрлі облыстық, респуб-ликалық еріктілер жиынына қатысып,
көшбасшылық, кәсіби дағдыларын дамытуды да ұмытпайды.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.
