Инвестициялық жобалар көбейді

Қыр 17, 2026

Жыл сайын Екібастұз қаласының қазынасына құйылатын қаржы көлемі артып келеді. Шаһардың әлеуеті инвесторлар тарапынан да зор қызығушылық тудыруда.   

Қала әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, бүгінде жалпы инвестиция көлемі 7,1 трлн теңге болатын 33 жоба ерекше бақылауға алынды. Оның қатарында жеті жоба бойынша тиісті жұмыстар аяқталып, нысандар қолданысқа беріліп, іске қосылды. Биыл жыл соңына дейін тағы екі жобаға қатысты істер тәмамдалмақ. Оларға салынған инвестиция көлемі – 17,3 млрд теңге.

— Біз үшін әр жобаның жоспардан нақты іске көшкені аса маңызды. Жаңа өндіріс және жұмыс орындары ашылып, қаланың экономикалық дамуының мәні зор. Инвестициялардың тұрақты түрде түсуі, тұрақты қызмет орындарының пайда болуы, салық базасының нығаюы – өңір экономикасының негізі, — дейді А.Бейсекин.

Жергілікті билік инвесторлар құқығын қорғау, бизнеске жайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Екібастұз қаласы