Биыл Павлодар ауданында емдеу мекемелерінің саны артып, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда.

Айталық, Набережное ауылында бір мезетте 50-ге жуық науқасты қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа емдеу нысаны «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде «Салауатты ұлт» жобасы аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында іске қосылды. Мұнда дәрігерлік қабылдау кабинеттері, әлеуметтік қызметкер кабинеті, жедел жәрдем бөлімі, егу, процедуралық, физиотерапиялық кабинеттер, күндізгі стационар, изолятор және басқа да қажетті үй-жайлар қарастырылған. Дәрігерлік амбулатория кәсіби дәрігер мамандардан бастап, электронды-цифрлық технологиялардың барлығымен қамтылды. Енді ауыл тұрғындары қалаға бармай-ақ, қажетті медициналық көмекті ауылдан ала алады.