Спорт кешені ашылды

Там 6, 2026

Қарақала ауылында жұртшылық көптен күткен дене шынық-тыру-сауықтыру кешені ашылды. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Асқар Ажмұрат арнайы қатысты.

Заманауи спорт кешені — ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам. Жаңа нысан елді мекен тұрғындарының, жастардың спортпен тұрақты айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жол ашады. Болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге зор мүмкіндік бермек.

Жаңадан бой көтерген спорт кешенінің ашылу салтанатына жиналған жұртшылық игі іс үшін билік өкілдеріне ризашылықтарын жеткізді. Аудан басшысы да тұрғындарға жылы лебізін білдіріп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Аққулы ауданы