Өрт сөндіру бекеті салынуда

Там 6, 2026

Железин ауданының Еңбекші ауылдық округіне қарасты Уәлихан ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр.

Нысан құрылысы маусым айында басталған. Аудандық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, бекет құрылысын «Окей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Нысан ағымдағы айда қолданысқа беріледі деп күтілуде. Өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 4 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Жаңа нысан өрт қауіпсіздігін арттыруға айтарлықтай үлес қосатыны анық.

Бұдан бөлек, аталмыш елді мекенде биыл төрт көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Яғни, 1,13 шақырым ауылішілік жол жөнге келтірілді.

Г.МАҒЖАН.

Железин ауданы