Табиғатты аялауға тәрбиелейді

Мау 11, 2026

Шарбақты ауданына қарасты бірнеше мектепте халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясы аясында ашық есік күні өтті. Игі шараға оқушылар белсене қатысты.

Аталған іс-шара экологиялық квест форматында ұйымдастырылды. Оған Александровка, Жаңаауыл, Красиловка және Сосновка мектептерінің шәкірттері командамен қатысып, қызықты кештің куәсі болды. Әр топқа бағыт-бағдар картасы беріліп, қатысушылар сол карта бойынша тақырыптық бекеттерден өтіп, түрлі тапсырмаларды орындады.

Алғашқы аялдамада балалар орман резерватының қандай қызмет атқаратынын өз көздерімен көрді. Одан кейін аумақтың тарихи-мәдени және табиғи мұрасы туралы мәлімет алып, өрт сөндіру станциясының авиациялық бөлімшесі мен шекара заставасының жұмысымен танысты.

Бағдарлама танымдық серуенмен жалғасын тауып, жеткіншектердің туған өлке табиғатын және жануарлар дүниесімен жақынырақ танысуларына жол ашты.

Осындай шаралар балаларды экологияға ұқыпты қарауға, табиғатты аялауға тәрбиелейді, дейді ұйымдастырушылар.

Н.ШОДЫР.

Шарбақты ауданы