Танымға толы сапар

Шіл 23, 2026

Ауданда «Май Жібек жолы» танымдық-туристік сапары жоғары деңгейде өтті. Экскурсияға ауданның 70-ке жуық оқушысы қатысты.

Шара барысында қатысушылар Екібастұз қаласындағы «Samgau» шығармашылық орталығында болып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі мен мұражайын аралады. Сондай-ақ, Баянауылдың көрікті жерлерін тамашалап, Сабындыкөлдің сұлу табиғатында демалып, туған өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы мол мағлұмат алды. Бұл сапар қатысушыларға жаңа әсер, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас естелік сыйлады.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.

МАЙ АУДАНЫ