Бір айдан соң күз де келеді. Демек, жылыту маусымына дайындық түйінделе түсуі тиіс. Екібастұздағы тұрғын үйлердің жауапты кезеңге әзірлігін қала әкімі Аян Бейсекин арнайы тексеріп шықты.
Шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында көппәтерлі тұрғын үйлердің 55 пайзыдан астамы жылуды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бірқатар тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, проблемалық көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлелеріне түсіп, құбырларды және басқа да жабдықтарды ауыстыру бағытындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Көпқабатты үйлердің басқарушы ұйымдарына 20 тамызға дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды.
Г.МАҒЖАН.
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ
