Туған жерге қамқорлық

Шіл 23, 2026

Ауданда «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті сезініп,  туған жердің көркеюіне үлес қосуда.

Аудандық жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметіне сүйенсек, жасақ мүшелері елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, аумақты тазалау бағытындағы іске белсенді қатысуда. Бұл ретте жастар қоғамдық орындарды ретке келтіріп, ағаш көшеттерін отырғызуда. Экологиялық акцияларға да белсенді араласуда. Жуырда жастар жағажай аумағын ретке келтіріп, демалыс орындарын қоқыстан тазартты. Бұдан бөлек, орталық алаң мен саябақты көріктендірді. Аудан тұрғындары мен қонақтары жастардың қоршаған ортаға деген қамқорлығына риза болып, алғыс жаудыруда.

Ауқымды іс өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және жергілікті жұртшылық үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ЕРТІС АУДАНЫ