Ұсақ мал өсірмек

Қыр 10, 2026

Елімізде еңбек етуге ұмтылған азаматтарға мемлекеттік көмектің түрлі тетігі бар. Соның бірі – қайтарымсыз грант қаражаты. Осындай мүмкіндікті тереңкөлдік тұрғын Айдана Сәбитхан пайдаланып отыр. 

Айдана Өмірбекқызы бір жыл бұрын Шымкент қаласынан Тереңкөл ауданының Калиновка ауылына көшіп келген. Аудандық «Мансап» орталығының мәліметінше, ол мемлекеттік бағдарламаға қатысқан. Яғни, жеке кәсібін ашып, отбасының жағдайын жақсартуды мақсат еткен.

Бизнес-жобаларды қарау нәтижесінде Айдана Сәбитханға қайтарымсыз мемлекеттік грант табысталды. Бұл қаражатқа тереңкөлдік тұрғын 32 бас ұсақ мал сатып алған. Алдағы уақытта ұсақ мал басын көбейтіп, сату арқылы табыс табуды көздеп отыр.

Г.МАҒЖАН.

Тереңкөл ауданы