Жақында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мұрындық болуымен «Педагогикалық идеялар фестивалі — 2024» байқауы өткен болатын. Оған қатысқан облыс ұстаздарының алтауы жетістікпен оралды.

Республикалық сайыс Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирель университетінде ұйымдастырылды. Педагогтердің білімі мен біліктілігін сынаған байқауға еліміздің барлық өңірінен тәжірибелі мұғалімдер қатысты.

Айта кетерлігі, аталмыш додаға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 3 педагог қатысып, олардың барлығы жүлделі орындарды еншіледі. Байқау қорытындысы бойынша облыс орталығындағы №25 мектептің педагог-зерттеушісі, психолог маман Жанар Ордабаева мен №6 мектептің педагог-зерттеушісі, дефектолог Айгүл Жұмаділова ІI орын иеленді. Сондай-ақ, Қ.Мақпалеев атындағы мектептің ағылшын тілі мұғалімі Ирина Кофтанюк ІІІ орын алды. Ал жалпы облыстың құрама командасындағы 6 мұғалім жүлделі орындарға ие болып, жақсы нәтиже көрсетті.

Бағдарлама бойынша қатысу-шылар пәндерге арналған «Шеберлік палитрасы», психологтар мен дефектологтар үшін «Психологтің қоржыны» бағыттары бойынша педагогикалық идеялардың жобаларын қорғады.

 

Нұржайна ШОДЫР.