Ақтоғай ауданында жаңартылған амбулатория ашылды. Жалпы, биыл аудандағы үш ауылда дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті.

Жалаулы ауылында ғимаратты жөндеу мамыр айында басталған болатын. Ал Конституция күні жаңартылған ғимараттың салтанатты ашылуы өтті. Жоба құны 45,7 миллион теңгені құрады Мүткенов ауылының дәрігерлік амбулаториясында 48 миллион теңгеден астам сомаға күрделі жөндеу қыркүйек айында, Әуелбек ауылында жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы Шұға ауылында жаңа медициналық пункт салу жоспарлануда. Әкімдіктің мәліметінше, науқастарға орталық аудандық ауруханада, төрт дәрігерлік амбулаторияда, 18 медициналық және бір фельдшерлік-акушерлік пунктте қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, мекемелерде жабдықтар жаңартылуда.

Өз тілшіміз.