«Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр». Отандық фермерлер осылай дабыл қағып отыр.

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады. Ондағы мамандар: «Қазақстандық азық-түлік өндірушілер ресейлік әріптестерімен бәсекелестікке байланысты дабыл қағуды жалғастыруда», дейді. «Бүгінде қазақстандық қанттың өзіндік құны 440 теңге болса, ресейлік қант 350 теңгені құрап отыр. Қант зауыттары қоймалардың толып кетуі-
не байланысты өндірісін тоқтатуға мәжбүр», дейді Қант, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Айжан Наурзғалиева. Кәсіпкерле бұл пікірді қуаттап отыр. «Қазір ресейлік шикі сүт қазақстандық сүт өңдеу кәсіпорындарына қосымша құн салығы есебін қосқанда 130 теңгеден келіп түсіп жатыр. Ал біздің сүттің өзіндік құны 200 теңгені құрайды», – деп түсіндірді «Каверина» ЖК басшысы Сергей Каверин. Сондай-ақ, өңдеушілер үшін өзекті мәселелердің бірі экспорт кезінде ҚҚС қайтару екені айтылды. Қайта өңдеушілер ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде шикізат пен қайта өңделген өнімді экспорттау кезінде ҚҚС-ты сараланған қайтаруды енгізу мүмкіндігі мәселесін пысықтауды ұсынды.

Н.Қанатбекұлы.