Павлодарда облыстық Жайдарман маусымы өз мәресіне жетті. Бұл додада 11 команда сынға түсіп, өзара мықтылар анықталды.

Ойынның шымылдығын Павлодар қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10  гимназиясының құрамасы – «Ұнамаса қарама» командасы ашса, екінші болып Торайғыров университетінің «36:6» командасы өнер көрсетті. Олардан бөлек, Марғұлан университетінің «Қалың малым — бес миллион», Торайғыров университетінің «Анастасия» құрамалары, Ақсудан келген «Нағашы» моно командасы, педагогикалық колледж студенттерінен құрылған «Күнделік»,  Ленин кентінің  «One House», ақтоғайлық «Музарт кайф», Марғұлан университетінің  «Низам» жайдарманшылары, Баянауылдық «Сапашев» моно командасы, «Білім-инновация» лицейінің  «Синдикат» құрамасы өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша,  «Үздік ханшайым» аталымын «Қалың малым — бес миллион» құрамасының қыздары алса, «Үздік ойыншы» аталымы «Синдикат» құрамасысының капитаны Денис Романовқа берілді. Жүлделі үшінші орын ақсулық «Нағашы» моно командасына, екінші орын «Низам» құрамасына бұйырды. Бірінші орынды Ленин кентінің  «One House» құрамасы жеңіп алды. Айта кету керек, «One House» құрамасы «Солтүстік» лигасында да өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ, бұл команданың ойыншылары республикалық «Бас лигада» өнер көрсетеді.

Өз тілшіміз.